«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы
бойынша білім бөлімінің жанындағы
Дамса ауылының «Балауса» бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
мекен-жайы:
Дамса ауылы Достық к. 32 үй.
тел. 8 716 31 3-30 -87,
эл/пошта: ybalausa@bk.ru
Қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін топтарда бос орынға конкурс жариялайды
1. 1 тәрбиеші Негізгі тәрбиешінің декреттік демалысқа кетуіне орай
2.Әдіскер; тұрақты
Конкурс: Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына қосымшаның негізінде өткізіледі. , 2012 жылғы № 57
3-тарау
Параграф 1. Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі
Конкурстың өткізілетін күнімен орны:
07. 06 .2024 жыл.
Дамса ауылы Достық көшесі 32 үй
.Конкурс кезеңдері:
1) білім беру ұйымының және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімімен орны: Бұкіларалық ақпарат құралдарында хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға құжаттар «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Дамса ауылының «Балауса» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында (электрондық пошта арқылы немесе қағаз түрінде ) қабылданады.
Біліктілік талаптары: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзгеде кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайтадаярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жеке тұлға ретінде тіл табады.
Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалар болу барысында олардың өмірімен денсаулықтары үшін дербес жауапты болады. Балалардың мүдделерін және құқығын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.
Педагог келесі функцияларды атқарады:
Лауазымдық жалақының мөлшері тәрбиешілердің еңбек өтіліне, біліміне байланысты 130 000 - 150 000 теңгеге дейін (+ 25% ауылдық жерде орналасқаны үшін) .
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат(сәйкестендіруүшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы(нақты тұрғылықты мекен-жайымен байланыс телефондары көрсетілген– бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбекқызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтауминистрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы№ ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі– ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілікс анатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:
8 716 31 3-30-87 электрондық мекен-жайы: ybalausa@bk.ru